Page 11 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 11
QUEST
Ойын кезінде шуылдамау, өзгелерге кедергі келтірмеу қатаң
ескертіледі.
Квест аула №2 қосымша материалда
көрсетілген ерекшеліктерге сай әзірленуі керек!
Құрметті қатысушылар, қонақтар, сайысымызға қош
келдіңіздер! Баршаңызға сәттілік пен ұтқырлық тілейміз! Бүгінгіквест
ойынымыз тартысқа толы болатынына сеніміміз мол! Дүбірлі
додамыз 4 деңгейден тұрады.
Әр деңгейдің өзіне тән сауалдары және тапсырмалары бар. Әр
сауалға мұқият жауап беріп, тапсырмаларды жіті түсініп,
орындауларыңыз керек.
Жарыстың талаптары барлықтарыңызға түсінікті болса, екі
команданың ұрандарына кезек берейік!
Әр топ өздерінің ұрандарын айтып,топ мүшелерімен
таныстырады.
Тамаша! Таныстыруларыңызға рахмет! Сонымен, бүгінгі
ойынымызға төрелік етіп, баға беретін қазылар алқасымен таныс
болыңыздар.
Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші
Тарих пәнінің мұғалімі
География пәнінің мұғалімі.
Қазылар алқасы әр деңгейге байланысты сараптама жасап,
жеңімпаз команданы анықтайды.
(Үстелде жеке-жеке кесілген сандар тұруы керек).
Біздің еліміз мемлекет болып қалыптасудың барлық
сатысынан, түрлі қиындықтардан өтіп, Тәуелсіз Қазақстанға айналды.
Сонымен, Қазақстан тарихынан сыр шертетін кезеңге кезек берейік.
11

