Page 12 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 12
Келесі деңгейде тарихымызға жіті үңіліп көрмекпіз. Сіздердің
қолдарыңызға карта таратылып беріледі. Картада тарихтың әр түрлі
аялдамалары бар. Сол аялдамаларда сан алуан сұрақтар көрсетілген. 5
аялдамадағы сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөздерді тапқаннан кейін,
қабырғада ілініп тұрған сөзжұмбаққа жазамыз. (Әр команда
қатысушыларына әр түрлі карта беріледі. Бұл деңгей қатысушылардың
тез шешім қабылдауларына әсер етеді. Картада көрсетілген әр
аялдамадағы сауалдарға жауап бергеннен кейін, қабырғада ілінген
сөзжұмбаққа өздеріне тиесілі сөзді жазады. Қай команда жылдам соған
көбірек ұпай беріледі.
Тарихқа саяхат жасадық. Енді, келесі кезекті еліміздің
географиясына береміз. Ойынның ережесімен таныстырсақ.
Бұл кезең Қазақстан қалаларының көне аттары, сол қаладан шыққан
ұлы тұлғалар және аталған қалалармен байланысты тарихи оқиғалар
жайында болмақ. Қатысушылар қазылар алқасының алдында тұрған
ребус сұрақтарға жауап береді. Сұраққа жауап беру кезінде командамен
ақылдасу міндеттеледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
, ,,, ,
,,
Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек бұл аймақта әлем тарихында
алғаш рет жылқы малы үй жануары ретінде қолға үйретілді.
(Жауабы: Ботай)
1

