Page 14 - «Танымдық квест ойындары» әдістемелік жинақ Даутова М.Т.
P. 14

Көне жазбаларда бұл қаланың атауы Шағбар болып келеді. Қала туралы
           деректер 13 ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің «Армения
           тарихы» атты еңбегінде кездеседі. 2000 жылы бұл қаланың мерейтойы
           ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілді. Қала қалай аталады?
                                                           (Жауабы: Түркістан)
           Бұл қала қай мемлекеттің астанасы болды?

                                                           (Қазақ хандығы)

                   Тарихи шаһарда қандай тарихи ескерткіштер бар?



                        (Жауабы: Қазақ хандарының зираттары (Есім, Тәуке,
                        Абылай хандар)


                  Ұлы астроном, ғалым Ұлықбек қызы Рәбия Сұлтан Бегіммазары;
                  Ортағасырлық «Шығыс моншасы»;


                                                         (Жер асты мешіті)
                  Жүргізуші.
                 Құрметті қатысушылар, келесі кезеңге де кезек берейік! Келесі
          кезеңіміз «Тапқыр» деп аталады. Ойынға арнайы дайындалған  үстелде
          1-ден 40-қа дейінгі (40 сан) шашылып жатады. Әр сан екі-екіден болғаны
          абзал.  Одан  өзге  дұрыс  жауаптарды жапсырғанға тақта  дайындалғаны
          абзал.  Қатысушыларға  арнайы  аудиоға  жазылған  сұрақтар  қойылады.
          Бұл  ретте  қазылар  алқасы  қатысушылардың  жылдамдығына аса назар
          аударады.  Әр  сұраққа  қай  топтың  қатысушысы  бірінші  жауап  береді,
          соған ұпай беріледі.

            Қазақстан қай жылы Тәуелсіздік алды? (1991) Тоқтар
            Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты? ( 1991)
            Қазақстанның төл теңгесі қай жылы айналымға енді? ( 1993)
            Абайдың 150 жылдығы қай жылы тойланды ? (1995) Қазақстанның
            қазіргі «Ата заңы» қай жылы қабылданды?  ( 1995)Еліміздің астанасы
            қай жылы Ақмолаға көшірілді? (1997)




          1
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19