Page 54 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 54
• Өтініш, тілек мəнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік + айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.
• Шарт мəнді сөйлем.Егер ... етістік+ -са (-се)+ЖЖ, онда ...лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі. Етістік+ған (-ген, -қан, -кен) +ЖС, етістік+атын (-етін, -йтын, -йтін) еді+ЖЖтіркесі жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.
• Білік, дағды мəнді сөйлем. Етістік + а (-е,-й) алу лексика- грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленіп қолданылу ерекшелігі.
• Қалау мəнді сөйлем. Жасалу жолы. Етістік+ -ғы (-гі,-қы,-кі) +ТЖ келу, етістік+ған (-ген,-қан,-кен)+ТЖ+ТС қалау тіркестері жəне т.б. тəсілдер арқылы шақ, жақ бойынша түрленіп, болымсыз, сұраулы түрлерінің жасалуы.
• Мезгіл мəнді сөйлем. Мезгіл үстеулері, септік шылаулары, (-ғанда, -генде, -қанда, -кенде) жəне т.б. грамматикалық тіркестер арқылы жасалуы.
• Ниет мəнді сөйлем. -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, - пек қосымшаларының қызметі. ... -айын, (-ейін, айық, ейік) деп ..., ... - айын, (-ейін, айық, ейік) деп едітіркесінің 3 жақта түрленіп қолдануы жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.
• Болжау мəнді сөйлем. -ар, -ер, -р қосымшаларының қызметі. Шамамен сөзінің қолданысы. Сан есімдер мен жуық, шамалы, шақты сөздерінің тіркесі. Етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) шыған + ЖЖ, етістік + ған (-ген, қан, -кен, атын, -етін, -йтын, -йтін) сияқты + ЖЖ, тіркестері жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.
• Мақсат мəнді сөйлем. ... –у үшін тіркесі жəне қимыл етістігінің барыс септігінде қолданылуы жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.
• Қарсылық мəнді сөйлем. Қарсылықты жалғаулықтар (бірақ,
дегенмен, алайда, əйтсе де, сонда да) жəне т.б. тəсілдер арқылы
жасалуы.
• Себеп-салдар мəнді сөйлем. Себеп-салдар жалғаулықтар (себебі,
өйткені, сондықтан, сол себепті)жəне т.б. тəсілдер арқылы жасалуы.