Page 58 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 58
2008 жылдың қаңтарында «АЯЛА» мен «ДАРА» қайырымдылық қорлардың бастауымен Қайырымдылық Қорлар Ассоциациясының (ҚҚА) формалды емес желісі құрылған болатын, сөйтіп, бірінші оның мүшелері болып «балалар, жастар, жанұя» саласында жұмыс істейтін қорлар кірді.
Ассоциация өз ісін бастағаннан бері бірнеше бірлесіп жасаған жобалары іске асырылды, олардың ішінде:
• «Неке мен жанұя туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, яғни, қамқорға алуға қатысы бар жөндеулер енгізілді;
• Қазақстан Республикасындағы балалық кардиохирургиясын дамытуға бағытталған «Менің де өмір сүргім келеді» жобасы іске асырылды, оның нəтижесінде біздің елімізде жүректерінің туа ақуалары бар, салмақтары 10 кг жетпейтін балаларға үнемі операциялар жасалып жүр;
• 2008 жылынан бастап Алматы қаласы балалар үйлерінің түлектері үшін, «АЯЛА» жəне «ДАРА» қайырымдылық қорлары өткізіп жүрген «Қуаныш күні» мерекесі дəстүрге айналды.
Екі жыл бойы бірлесіп істеп жүрген қорлардың қызметтері, қайырымдылық саласында жұмыс істеп жүрген заңды тұлғаларды бірлестірудің, заңды тіркелген Қайырымдылық Ұйымдар Ассоциациясының (ҚҰА) керектігі жəне актуалды екендігін түсінуге əкелді.
Тапсырмалар:
1. Қайырымдылыққа байланысты мақал-мəтелдер айтыңыз.
2. Мəтінде қарамен белгіленген сөздердің антонимдерін тауып, антонимдік қатар құрыңдар.
3. Қайырымдылық қорын құру жоспарын əзірлеңдер.
Бұқаралық ақпарат құралдары. Ғаламтор жүйесі.
Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы ақпараттың көмегімен, кез келген тұлғаларға əртүрлі мəліметтерді ашық жариялауға арналған əлеуметтік мекемелер. Теледидардағы жаңалықтар, саяси-əлеуметтік бағдарламалар, газет-журналдар, радио, ақпарат тарату жүйелері бұқаралық ақпарат құралдарына жатады.
Алғашқы газеттер — «Түркiстан уəлаятының газетi» (Ташкент, 1870 —
82), «Дала уəлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада жəне Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қаласында А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi
тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты.