Page 48 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 48
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Бирюкова
Серафима Васильевна
Серафима Васильевна 1940
жылы 23 ақпанда Воронеж облысы,
Лискин ауданы, Новая Грань қыста-
ғында дүниеге келген. Ата-анасы
колхозда жұмыс істеді. Әкесі -
Гоголев Василий Егорович Сталин-
град майданында соғысып, Сталин-
градты қорғауда еді. Ол жараланып, екінші топтағы мүге-
дек болды, госпитальдан кейін Сталинградта астық өсіруші
болып жұмыс істеді. Серафима Васильевна анасы -
Гоголева Ирина Николаевнамен бірге, апасы Корнюшкина
Екатерина Васильевна және ағасымен бірге немістер
уақытша басып алған аумақта болды. Серафима
Васильевнаға уақытша басып алу кезінде екі жыл толған.
1942 жылдың маусымында ауылдың барлық тұрғын-
дарын клубқа жинап, екі сағат ішінде жолға жиналу қажет-
тігін хабарлады. Барлығын басқа жерге көшіретін болған.
Кішкентай балаларды қолдарында алып жүрді, олар кон-
центрациялық лагерь орналасқан Острогожск қаласына өте
ұзақ жүрді.
Әскери тұтқындардың лагерьлеріне фашистер өздері
басып алған Қызыл Армия жауынгерлері мен коман-
дирлерін ғана емес, бейбіт тұрғындарды да тықты. Бұл
лагерлерде қарттар да, әйелдер де, балалар да болды.
Гитлершілер өздері басып алған Воронеж облысының
әрбір ауданында осындай бірнеше лагерь құрды.
Тұтқындардың бір бөлігін немістер жол құрылысында, қор-
50