Page 5 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 5

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары

                             Оқырманға

                                  Адалдыққа болыстың,
                                  Құлатпадың туын туған қоныстың,
                                  Сен ұқтырдың не екенiн борыштың,
                                  Жандарыңда жарасы бар сол істің,
                                  Тағзым етем алдарыңда сендердiң,
                                   Балалары соғыстың!

                                                                            Ө. Оралбайұлы

                  75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ұлы Отан
            соғысына  қатысы  жоқ  деп  айта  алатын  бірде-бір  отбасы
            жоқ  шығар.  1941  жылдың  22  маусымы  әр  адамның
            жүрегіне  қаяу  түсірді.  Біздің  еліміз  бір  мықты  отбасы
            болып, фашистермен күресіп, жеңіске жетті!
                  Балалар  және  соғыс.  Бұл  сөздердің  жан  түршігерлік
            үйлесімі  әлі  күнге  дейін  қорқынышты  естіледі  және
            ешкімді бей-жай қалдыра алмайды. Ұлы Отан соғысының
            кішкентай  жауынгерлері  қандай  әскери  мамандықтарды
            игермеді!  Көп  болғандығы  соншалықты,  барлығын  атап
            өтудің  өзі  қиын.  Алдыңғы  қатарлы    окоп  почташысынан
            ұшқышқа  дейін.  Балалар  үлкендер  сияқты  Жеңіс  үшін
            бәрін жасады.
                  Соғыс  балалар  ісі  емес.  Бірақ  Соғыс  жолдарымен
            өтуге  тура  келген  мыңдаған  балалар  сәби  қолдарымен
            салтанатты ортақ Жеңiстiң туын көтеруге қолтаңба салып,
            өзінің  даңқты  есімін  жауынгерлік  шежіреге  жазып  кетті.
            Туған  елді  қорғау  олар  үшін  өмірлік  маңызды  іс  болды.
            Олар  осындай  жаста  басына  түскен  аса  ауыр  жағдайдан
            ерте есейіп, буыны бекiп, бұғанасы қатпай еңбекке арала-





                                           7
   1   2   3   4   5   6   7   8   9   10