Page 11 - 1 выпуск KZ
P. 11

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА


        жобаларға  қатысуды  жоспарлап  отырмын»,
        – деді Ерасыл.
             Арт-жәрмеңкеге          өз     жұмыстарын
        ұсынған     өзге    де    қатысушылар       пікір-
        лерін  білдіріп,  әсерлерін  ортаға  салды.
                «Мен  арт-жәрмеңкеге  қатысуға  бел  бу-
        дым,  өйткені  қайырымдылыққа  өз  үлесімді
        қосып,  мұқтаж  адамдарға  көмектескім  ке-
        леді, - дейді «Семізбай-U» ЖШС қызметкері
        Әсел  Әбенова,  ол  арт-жәрмеңкеге  бірнеше
        жұмыс  –  майлы  бояумен  жазылған  сурет-
        тен бастап. тоқылған сөмкеге дейін ұсынды.
        –  Мен  бала  кезімнен  сурет  саламын,  майлы
        бояумен жұмыс істегенді ұнатамын. Декрет-
        тік  демалыс  кезінде  кәсіби  тоқуды  баста-
        дым  –  ұлым  шабыттандырды,  әуелі  балалар
        заттарынан  бастадым,  кейінірек  сөмкелер
        мен  интерьер  бұйымдарына  көштім.  Мен
        өзімнің өнер жәрмеңкесіне арналған жұмыс-
        тарымды  қысқа  мерзімде  жасап  шықтым».
               Арт-жәрмеңкеге ою-өрнегі бар жастықтар
        мен фетрден жасалған картиналарды жібер-
        ген Сәуле Төреқұлова («Аппақ» ЖШС) жұмыс-
        тан және үй істерінен бос уақытында әрқашан
        өзінің хоббиімен – тоқу, кесу, мүсіндеу, ұлттық
        нақышы бар түрлі қолөнер бұйымдарын жа-
        саумен айналысқанын айтады. Алайда, жәр-
        меңкеге қатысу оны қайырымдылық туралы
        ойлауға итермеледі: арт-жәрмеңкеден түскен
        қаражат  игі  іске  жұмсалатыны  қуантады.                «Мен мектептегі кезімнен жаза бастадым,
             «Біздің үлкен компаниямыздың корпора-             тырнақалды өлеңдерім аудандық газетте жа-
        тивтік құндылықтарының бірі – команда. Мен             рық көрді, ал 10-сыныпта балалық шақ тура-
        Қазатомөнеркәсіп  сияқты  командамен  кез              лы әңгіме жазғаным есімде. Негізі жұмыстан
        келген қиындықты еңсеріп, кез келген шыңды             бос уақытымда шығармашылықпен айналыс-
        бағындыратынымызға сенемін», - деді Сәуле.             тым,  осы  4  кітап  менің  еңбегімнің  жемісі
              Оның бұл пікірін әріптесі Самал Сағына-          болды, - деді  Қонақбай. – Егер мен жасаған
        ева  да  құптайды,  ол  арт-жәрмеңкеге  өзінің         дүние  адамдарға  көмектесе  алатын  болса,
        қолдан  жасалған  бұйымдарын  (тастан  жа-             шексіз қуаныштымын. Өмірімнің ең жарқын
        салған тәспі) ұсынды. Самал да басқалар си-            жылдарын  Қазатомөнеркәсіптегі  қызметке
        яқты, өз хоббиін карантин кезінде бастапты.            арнадым,  Ұлттық  атом  компаниясының  бір
            «Өнер  жәрмеңкесінің  атауының  өзі-ақ             бөлшегімін деп мақтана аламын және оның
        айтып  тұр  емес  пе:  менің  ойымша,  жақ-            болашағы зор деп санаймын».
        сылық  жасау  –  жер  бетіндегі  адамның  ең                 Компания  басшылығы  да  осы  қайырым-
        әдемі  миссиясы,  әсіресе  егер  ол  шығар-            дылық  жобасының  табысты  болуына  елеулі
        машылықта  көрінсе,  тіпті  керемет.  Бізді            үлес қосты және өздері үлгі көрсете отырып,
        біріктіретін  істің  адамдарға  жақсылық  пен          әріптестерімізді шабыттандырды. Басшылар-
        пайда  әкелетініне  сенемін»,  -  деді  Самал.         дың  әрқайсысы  қалаған  жұмыстарды  сатып
            Қазатомөнеркәсіп  қызметкерлері  мен               алудан  бөлек,  қызметкерлер  ментор  және
        арт-жәрмеңкеге        қатысушылар        арасын-       коуч  сессияларға,  бірлескен  жаттығуларға
        да    Қазақстан     Журналистер       Одағының         және  топ-менеджменттің  лоттары  ретінде
        және  Әлем  халықтары  жазушылар  одағы-               ұсынылған  басқа  да  пайдалы  іс-шараларға
        ның  мүшесі  Қонақбай  Саттаров  та  бар.  Ол          қатысу мүмкіндігіне ие болды.
        өзінің  «Аңсар»,  «Құмсағат»,  «Құрма  ағашы»,              Арт-жәрмеңкеге әр өңірден келген кәсіпо-
        «Көпір»  атты  кітаптарын  ұсынуға  ұйға-              рын қызметкерлерінен жалпы 300-ден астам
        рыпты.  «Құрма  ағашы»  кітабы  үшін  автор            жұмыс қойылды. Олармен https://www.asar.
        М.    Шолохов      медалімен     марапатталған.        kazatomprom.kz/ сайтында таныса аласыз.

                                                                                QAZATOMNEWS, №9(38), 09.2022  11
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16