Page 4 - 1 выпуск KZ
P. 4
БАЙҚАУ
нациясында, екеу-екеуден «Тәлімгер» және
«Болашақ» номинацияларында үздік атанды.
«Кәсіпқой» номинациясында салада
кемінде 3 жыл жұмыс істеген және кәсіби
жетістіктерге жеткен кәсіпорындардың
тәжірибелі қызметкерлері бақ сынасты.
«Тәлімгер» номинациясында кемінде 10
жылдық өндірістік тәжірибеге ие, сон-
дай-ақ сол тәжірибесі мен білімін жас ма-
мандарға үйрете беретін өндірісшілер
ұсынылды. «Болашақ» номинациясына
шағын жұмыс өтіліне қарамастан еңбек-
те елеулі нәтижелерге қол жеткізген 30
жасқа дейінгі жас қызметкерлер қатысты.
«Біздің компанияда жұмыс істеу –
тұрақтылық пен болашаққа деген
сенімділік. Бізде еңбек жағдайын жақ-
сарту, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен
денсаулығын нығайту мақсатында өн-
дірістік процестер үнемі жетілдіріліп оты-
рады», - деді «Кәсіпқой» номинациясының
жеңімпаздарының бірі «Иіркөл» (Семіз-
бай-U) филиалының инженер-механигі
Батырхан Қасымов. Бала кезінен техни-
камен жұмыс істегенді ұнататын ол 8-сы-
ныптан бастап әкесімен бірге далада жұ-
мыс істеген. «Біздің командамыз әрқашан
жаңа шыңдарды бағындыруға, шеберлік
пен кәсібилікті шыңдауға ұмтыла бер-
сін. Жоғары білікті мамандардың жетек-
шілігімен жасампаз еңбектің арқасында
үздік жобалар іске асырылсын», - деген
тілегін жеткізді Батырхан Қазатомөнер-
кәсіптің 25 жылдығына орай әріптестеріне.
Осы номинация бойынша тағы бір жеңім-
паз – салада 29 жыл жұмыс істеген Орталық
Мыңқұдық («Орталық» ӨК) кенішінің гео-
4 QAZATOMNEWS, №9(38), 09.2022