Page 29 - Термоядролық энергетика. Токамак
P. 29
Қазақ жері жарты ғасыр бойы алапат қарудың сұмдығын басынан
кешіргені белгілі. Қазақ даласында 456 ядролық және термоядролық
жарылыстар жасалды. Бұл ядролық зарядтардың жиынтық қуаты 1945 жылы
Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе асып түседі.
Сондықтан еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартуы көрегендік
болатын.
Өткенде АҚШ-та өткен жаһандық саммит барысында Қазақстан ядролық
қаруды таратпау мәселесі бойынша көшбасшы ел, ал Елбасы қауіпсіздік
мәселесінде үлгі алатын лидер болып танылғаны да соның айқын дәлелі.
Ал енді жарты ғасырға таяу уақыт Қазақстанды дүр сілкіндіріп,
халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зиян келтірген
ядролық сынақтар қалай басталып еді?
«САТАНАНЫҢ» СЫРЫН АШҚАН СУПЕРШПИОН
1956 жылы қазақтың елсіз жатқан мидай даласында Арқалық қаласының
іргетасы қаланғанда, нақ осы құла түзге не себепті Кеңес одағы «жастар
қаласын» салуға ынтық болып, оны Бүкілодақтық екпінді құрылыс ретінде
жариялағанын саусақпен санарлық қана адам білетін. Түпкі арам ойын
түбегейлі жасыру үшін Кеңес Одағы коммунистік ұранның аясында лениншіл
комсомолдарды қызыл империяның түкпір-түкпірінен айдалаға әдейі
топтастырды. Сөйтіп, Құдайдың өзі есінен тарс шығарып алған ұшы-қиырсыз
Торғай даласының қақ орталығына өзінің ең басты ядролық клиникасын
орналастырды. Есіл өзенінің сол жағалауындағы Державинск поселкесіне
баллистикалық зымырандарды ататын алып шах¬талар мен Батыс «Ібіліс»
(«Сатана») деп атап кеткен СС 18 зымыранының 52-сі орналастырылды.
Салмағы - 7,5 тонна, ұзындығы - 34 метр, жуандығы - 3 метр, ұшу қашықтығы -
12 мың шақырым болатын бұл зымыран кезінде өз класындағы алапат
жойқындығымен Гиннестің рекордтар кітабына енген.
Арқалыққа коммунизмнің кір¬пішін қалауға келген мыңдаған қарапайым
кеңес адамдарының қатарында қойдан жуас қоңыр күймен нағыз тірі
жансыздар жүргенін КСРО тарқағаннан кейін ғана барып білдік. Батыстың