Page 7 - Термоядролық энергетика. Токамак
P. 7
күйде болатын және өңделу арқылы жағармайға айналатын мұнай ең қымбат
энергия көздерінің бірі. Оның бара-бара резерві азаюда. Сол
секілді көмір мен табиғи газ да азайып барады. Тұтыну мөлшері азаймаса, осы
энергия көздерінің шамамен қырық жыл ішінде бітуі көзделіп отыр. Айырықша
осы жағармайлардың өндірісі мен қолданылуы барысында қоршаған орта зиян
көреді. Бұл балама энергия көздерін іздеуді арттырды. Энергия көздерінің
ішіндегі - таусылмас энергия көзі «термоядролық синтез».
Термоядролық синтез деп екі жеңіл атом ядросы үлкен мөлшердегі
энергияны босату арқылы, бір ауыр ядроға бірігетін процесс. Яғни, шағын атом
ядроларының бірігуін айтамыз (1.2-суретте көрсетілген). Бұл кезде көп
мөлшерде энергия бөлінеді [1].
1.2 - сурет. Термоядролық синтез [1].