Page 31 - 8 Наурыз
P. 31
ТАКЕНОВА САНДУГАШ БАЗЫЛХАНОВНА
«Жан шуағы» ҮЕҰ төрағасы
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 35 жыл. (1982-2017 жж), зейнеткер
1959 жылы ШҚО Күршім ауданы Жылытау ауылында дүниеге келген. 1977-1978 жылдары аралығында Күршім
ауданы Бурабай ауылы КПСС ХХІІ съезі атындағы совхоздың №2 фермасында жұмыс істеген. 1981 жылы Талдықорған
заң техникумын тәмамдаған.
1978-1979 жылдары Талдықорған қаласындағы Т-КПС СМУ-42 трестінің оқу комбинатының сылақшы-штукатур
мамандығын меңгерген.
1981-1982 Талдықорған қаласындағы облыстық төлем орталығының инспекторы;
28.01.1982 дейін Күршім аудандық ауылшаруашылығы басқармасының заң кеңесшісі;
1986-2017 жылдар аралығында аудандық тұтынушылар қоғамының заңгері, Аудандық әлеуметтік қамтамасыз ету
бөлімінің меңгерушісі, Аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, Аудан әкімінің мемлекеттік -
құқықтық мәселелер бойынша көмекшісі, Күршім ауданы әкімі аппаратының кадр және мемлекеттік-құқықтық жұмыс
бөлімінің бас маман-заңгері, Күршім ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімінің меңгерушісі, Күршім ауданы әкімінің
мемлекеттік-құқықтық сұрақтар бойынша көмекшісі, Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.
Марапаттары мен наградалары:
✓ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен; «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі»
медалімен;
✓ «Барақ батырға 315 жыл» төсбелгісімен;
✓ Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Әбденовтың Алғыс хаты, Күршім ауданының әкімі А.Сеитовтың
Құрмет грамотасымен марапатталған.