Page 71 - 8 Наурыз
P. 71
ҚҰСАЙЫНОВА ЛӘЙЛӘ ҚИНАЯТҚЫЗЫ
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 30 жыл
Ләйлә Қинаятқызы Құсайынова 15 қарашада 1965 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппараты басшысының орынбасары лауазымында 10 жыл 10 ай жұмыс істейді. Құсайынова
Ләйлә Қинаятқызы еңбек жолын 1988 жылдың қазан айында Дарственное сегіз жылдық мектебінің аға пионер жетекшісі болып бастады.
1989 - 1992 жылдары Қазақстан ЛКЖО Күршім АК хатшысы, кейін Қазақстан Жастар Одағының Күршім АК хатшысы болып жұмыс
істеді.
Ұзақ жылдар Күршім аудандық әкімшілігінде, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның хатшысы, Күршім ауданы әкімінің
аппаратында ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс атқарды.
2003 жылдың тамыз айынан бастап облыстық мәслихат аппаратында іс жүргізуші, бас маман, «Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының аппараты»ММ ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бастығы, кейін басшысы қызметтерін атқарды.
2014 жылдың сәуір айынан бастап облыстық мәслихат аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істейді.
Марапаттары мен наградалары:
✓ 2009 ж. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен;
✓ 2011 ж. Шығыс Қазақстан облысының грамотасымен;
✓ 2013 ж. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен;
✓ 2014 ж. «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» медалімен;
✓ 2014 ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының Алғыс хатымен;
✓ 2015 ж. «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен;
✓ 2015 ж., 2016 ж., 2018 ж., 2021 ж., 2022 ж. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен;
✓ 2019 ж. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының Алғыс хатымен;
✓ 2019 ж. «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»;
✓ 2024 ж. «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен;
✓ 2024 ж. Шығыс Қазақстан облысының грамотасымен марапатталған.