Page 33 - 8 Наурыз
P. 33
ТОЙБАЗАРОВА НАГИМА БАЛТАБАЕВНА
Шығыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасының мүшесі
Мемлекеттік қызметте еңбек өтілі 20 жыл (1991-2011ж.ж.), зейнеткер
1953 жылы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Шымқора ауылында (қазір Ұлан) дүниеге келген.
1975 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетін
тәмамдаған. Еңбек жолын 1975 жылы Ұлан аудандық комсомол комитетінен бастады. С.Киров, С. Аманжолов атындағы
орта мектептерінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен дәріс берді.
-1984 жылы аудандық партия комитетіне жұмысқа қабылданып, идеология саласында 1991 жылға дейін абыроймен
қызмет атқарды.
-1991 жылдан 2012 жылға дейін Ұлан аудандық Әділет басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.
- 2009 жылы Әділет министрлігіне барып арнайы емтихан тапсырып, адвокаттық қызметін бастау үшін лицензия алған.
- 2012 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар мүшесіне кіріп, мамандығына сай еңбек жолын жалғастырып
келеді.
Марапаттары мен наградалары:
✓ «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен;
✓ «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен; «Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік
Жастар Одағына - 95 жыл» мерекелік медалімен,
✓ Ұлан ауданының 90 жылдық мерейтойына орай «Ұлан ауданына сіңірген ерен еңбегі үшін» төс белгісімен,
✓ Әділет департаментінің, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.