Page 7 - 8 Наурыз
P. 7

АДИЛЬБАЕВА РОЗА КАЛИЕВНА
                                                                                               Зейнеткер
                                   1960 жылы 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданы Орловка ауылында дүниеге келген.
        1983 жылы Шығыс Қазақстан педагогикалық институтын, филология факультетін «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша,
                                                      2001 жылы Орталық Азия университетінің заң факультетін бітірген.
                           1983 - 1985 жылдары Марқакөл аудандық комсомол комитетінің есеп және қаржы секторының меңгерушісі болып;
                         1985 - 1989 жылдары Глубокое аудандық атқару комитетінде салауатты өмір үшін күрес қоғамының хатшысы болып;
                                        1989 -1992 жылдары Глубокое аудандық мемлекеттік сақтандыру брокері болып жұмыс істеді.
              1992 жылы Глубокое аудандық атқару комитетінің АХАЖ бөлімде тіркеуші неке қиюды, баланың тууын мемлекеттік тілде тіркеді және
                              оны ауылдық және кенттік округтердің хатшыларына оқытып, ұйымдарда қазақ тілі сабақтарын жүргізді.

                                                                1996 – 2001 жылдары АХАЖ маманы болып жұмыс істеді.
             2001 жылғы 05 ақпанда Глубокое ауданының АХАЖ бөлімінің бастығы, кейіннен Әділет басқармасының басшысы болып тағайындалды.
            2019 жылдың 1 қазанында зейнеткерлікке шықты. 1995 жылдан бастап «АМАНАТ» партиясының мүшесі, 1996 жылдан 2024 жылға дейін
                                                         аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі қызметтерін атқарды.
                Бүгінде Глубокое ауданының Достық үйі жанындағы аналар Кеңесінің төрағасы, Глубокое ауданының Қоғамдық Кеңесінің төрағасы,
           партиялық бақылау мүшесі, Қоғамдық кеңес жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің мүшесі болып табылады.
                                                                            Марапаттары мен наградалары:
                                                               ✓ ҚР Парламентінің 10 жылдығына арналған медаль,
                                                               ✓ ҚР мәслихатының 20 жылдығына арналған медаль;

                                                 ✓ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған медаль;
                                                             ✓ Глубокое ауданының 50 жылдығына арналған медаль;
                                  ✓ 2021 жылы әділет органдарын дамытуға қосқан үлесі үшін Әділет министрлігінің «ЗАҢ» медалі;
                                                               ✓ Әділет министрлігінің төсбелгісі 2-санаттағы заңгер;
                                  ✓ Глубокое ауданының 50 жылдығына орай ауданның құрметті азаматтарының кітабына енгізілді.
                                            ✓ 2023 жыл ауыл әйелдерінің 100 табыс тарихы Республикалық кітабына енгізілді.
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12