Page 81 - 8 Наурыз
P. 81

КАЛИЕВА ГУЛЬМАЙРА НАБИЕВНА
                                                         Ұлан аудандық мәслихат төрағасы
                                                      Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі -28 жыл


         Калиева Гульмайра Набиевна 1967 жылы 18 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Точка ауылында дүниеге келген. 1989
         жылы Өскемен қаласындағы құрылыс-жол институтына «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Шығыс
         Қазақстан аймақтық университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
                  Еңбек жолын 1989 жылдың тамыз айынан бастап «Каздорпроект» мемлекеттік жобалау институтының                                                            Целиноград
         филиалында инженер болып бастады. 1992 - 1993 жылдары Ұлан өндірістік-жол учаскесінде қоймашы болып жұмыс істеді. 1993 -

         1997 жылдарда Ұлан аудандық әкімшілігінің референті, 1997 - 1998 жылдары құрылыс, тұрғын үй, сәулет және аумақтарда құрылыс
         салу бөлімінің меңгерушісі.1998-1999 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас
         маманы, 1999 - 2004 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 2004 -
         2005 жылдарда «Ұлан ауданының сәулет және коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ меңгерушісі. 2005 - 2006 жылдары «Ұлан
         ауданының құрылыс, қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»
         ММ бастығы. 2006 - 2014 жылдың маусым айына дейін «Ұлан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі
         және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бастығы, одан кейін басшысы. 2014 жылдың маусым-желтоқсан айларында Ұлан ауданы әкімі
         аппаратының персоналды басқару бөлімінің бас маманы. 2014 -2021 жылдарда «Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
         бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қызметін атқарды.
                       2021 - 2023 жылдың 16 қаңтарына дейін Ұлан аудандық мәслихаттың хатшысы болып, VII шақырылымының мәслихат
         төрағасы болып қызмет атқарды.

                       2023 жылдың 30 наурызынан бері Ұлан аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.
         Марапаттары мен наградалары:
         ✓ Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хатымен,
         ✓ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасының құрмет грамотасымен
         ✓ «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен,
         ✓ Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
   76   77   78   79   80   81   82   83   84   85   86