Page 9 - 8 Наурыз
P. 9
БАТЫРКАНОВА РОЗА КЛАНОВНА
Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқарма басшысы.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 37 жыл.
Батырканова Роза Клановна 1965 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының
Катонқарағай ауылында дуниеге келген. 1988 жылы Қарағанды мемлекеттік Университетін бітірді.
1988 жылдан бастап Катонқарағай ауданының қаржы бөлімінде экономист мамандығы бойынша еңбек жолын
бастады.
1995 жылы Катонқарағай бөлімшесінің құрылуына байланысты Шығыс Қазақстан облысының Қазынашылық
басқармасына жетекші маман болып ауысты.
1997 жылы аудандардың бірігуіне байланысты Катонқарағай ауданының Большенарым ауылына Катонқарағай
аудандық Қазынашылық бөліміне қызметке ауысты.
1998 жылдан 2011 жылдың тамыз айына дейін аудандық қазынашылық басқармасының бастығының орынбасары
болып жұмыс жасады.
2011 жылдан 2024 жылдын тамыз айына дейін Катонқарағай аудандық Қазынашылық басқармасының басшысы
болып жұмыс жасады.
2024 жылдан осы уақытқа дейін Үлкен Нарын ауданы бойынша қазынашылық басқармасының басшысы болып
қызмет атқарады.
Марапаттары мен наградалары:
✓2021 жылы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісімен;
✓2023 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін»
медалімен;
✓«Катонқарағай ауданы 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.