Page 93 - 8 Наурыз
P. 93
СЫДЫКОВА ЖАНАР ДАНЕЛХАНОВНА
Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы, мәслихат депутаты
Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 14 жыл
1976 жылы 24 шілдеде Большенарым ауданы Жұлдыз ауылында туған. 1995 жылы Өскемен құрылыс техникумын «Ғимарат
үйлерді салу құрылысы мен эксплуатациялау» мамандығы бойынша аяқтады 1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан
техникалық университетін «Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы С. Аманжолов
атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірді.
2000-2001- білім бөлімінің бухгалтер-операторы Катонқарағай ауданы, ШҚО Катонқарағай ауданы Большенарым ауылы;
2001 -2004- Катонқарағай ауданының білім бөлімінің бағдарламашысы, ШҚО Катонқарағай ауданы Большенарым ауылы;
2004 -2005- Катонқарағай ауданының білім бөлімінің экономист-бухгалтері Большенарым ауылы;
2005-2008- Катонқарағай ауданының білім және спорт бөлімінің бас экономисі;
2008 жылы Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары міндетін атқарушы;
2008-2012- Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, Үлкен Нарын ауылы;
2012-2015- Катонқарағай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы;
2015 -2019- Катонқарағай ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
2019-2022 -Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2022- 2024 - Үлкен Нарын ауылында "AMANAT" партиясы Катонқарағай аудандық филиалының төрағасы, 2024 жылғы 8 қаңтардан
бастап қазіргі уақытқа дейін Үлкен Нарын ауданы мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.
Марапаттары мен наградалары:
✓ 2022 жылғы маусым айында референдумды ұйымдастыруға, өткізуге белсене қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
✓ 2022 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқанына дайындық және оны өткізу жұмыстарына
қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
✓ 2024 жылы мемлекеттік қызметшілер күніне орай, белсенді және үздік қызметі үшін Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының
басшысының Алғысымен марапатталған.