Page 5 - 8 Наурыз
P. 5
АБУЛКАИРОВА ЖАҢЫЛСЫН ҚУАНҚЫЗЫ
Зейнеткер, 101 жаста
1924 жылғы 2 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы Тюртпшен ауылында дүниеге келді.
Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Мемлекеттік қызметтегі өтілі 23 жыл.
Статистика саласындағы еңбек жолын 1956 жылы өнеркәсіп статистикасы секторының машинисті болудан
бастады. Осыдан кейінгі 13 жыл ішінде әр лауазымда қызмет атқарып, 1969 жылы өнеркәсіп бойынша
статистикалық материалдарды дайындау және шығару секторының бастығы болып тағайындалып, зейнет жасына
дейінгі 10 жыл бойы статистика саласында басшылық қызмет атқарды.
23 жылдан асам Шығыс Қазақстан облысының статистика саласын дамытуға сүбелі үлесін қосты. Өзінің білімін,
тәжірибесін және қажыр-қайратын еліміздің экономикасын жетілдіруге арнаған.
Марапаттары мен наградалары:
✓ Жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Ұлы Октябрь социалистік революциясының 50 жылдығына байланысты
Қазақ КСР Орталық Статистика басқармасының Құрмет кітабына енген;
✓ «Социалистік есептің үздігі» белгісімен;
✓ Облыстық кәсіподақ кеңесінің Құрмет грамотасымен;
✓ «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен;
✓ 2024 жылы «Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.