Page 76 - 8 Наурыз
P. 76

ГАЛИНА ЛЕЙОВНА ТЮТЬКОВА


                                           Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының бас инспектор – бас бухгалтері
                                                                            Мемлекеттік қызмет өтілі - 23 жыл
                   Галина Лейовна Тютькова 1972 жылдың 18 ақпанында Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Өскемен құрылыс-
            жол институтын «Қала құрылысы және шаруашылығы» мамандығы бойынша, 2001 жылы Алматы экономика және статистика
            институтын «Бухгалтерлік есепке алу және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
                   Еңбек жолын Өскемен қаласындағы № 14 орталау мектепте балалардың бос уақытын ұйымдастырушы болып бастады. Ұзақ
            жылдар бойы «Өскемен қалалық жер ресурстарын басқару комитеті», «ШҚО мемлекеттік сәулет –құрылыс бақылау басқармасы»
            мемлекеттік мекемелерінде бас маман-бас бухгалтер, «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» ММ-нің әкімшілік

            бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.
                   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппаратында 2012 жылдың маусым айынан бастап жұмыс істейді.
                   Аталған лауазымда жұмыс істеген уақытында өзін шебер әрі сауатты маман ретінде танытты. Өзіне жүктелген лауазымдық
            міндеттердің барлығын өзіне тән күш-жігермен, жедел атқарады. Ол қойылған міндеттерді шешу үшін өз білімін шебер әрі кәсіби
            пайдаланады.
                   Бас бухгалтер ретінде облыстық мәслихат аппаратының қызметін қаржылық қамтамасыз етеді.
                   Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттық корпусы мен аппарат ұжымы арасында лайықты беделге ие.


                   Марапаттары мен наградалары:

                   2019 ж. «Нұр Отан» партиясының Алғысымен,
                   2019 ж. «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалімен,
                   2021 ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының алғыс хатымен,
                   2024 ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Алғысымен,
                   2024 ж. «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
   71   72   73   74   75   76   77   78   79   80   81