Page 96 - 8 Наурыз
P. 96
ГҮЛНАР КЕҢЕСХАНҚЫЗЫ КҮДЕРБАЕВА
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының
құқықтық жұмыс бойынша бас инспекторы
Мемлекеттік қызмет өтілі - 25 жыл.
1968 жылдың 11 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Крупская атындағы кеңшарында дүниеге келген.
1990 жылы Өскемен педагогика институтын орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Орталық Азия
университетін заңгер мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1990 жылы Өскемен қаласындағы № 27 балабақшаның тәрбиешісі болып бастады.
Кейіннен 1997 жылдан 2005 жылға дейін Өскемен қаласының Үлбі сотында, сот орындаушылары мен приставтар
департаментінде, ШҚО соттар әкімшісінің Өскемен аумақтық учаскесінде, ШҚО соттар әкімшісінде сот орындаушысы болып жұмыс
істеді, 2006 жылдан 2009 жылға дейін облыстың әртүрлі мемлекеттік органдарында еңбек етті.
2009 жылдың наурыз айынан бастап «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының аппараты» ММ құқықтық жұмыс бойынша бас
маманының м.а., құқықтық жұмыс бойынша бас маманы, құқықтық жұмыс бойынша бас инспекторы қызметін атқарады.
Марапаттары мен наградалары:
✓ 2011 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің алғысымен,
✓ 2016 ж. Шығыс Қазақстан облысының грамотасымен,
✓ 2017 ж. «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен,
✓ 2019 ж. «Шығыс Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерейтойлық медалімен,
✓ 2023 ж. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының грамотасымен,
✓ 2024 ж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
басшысының алғысымен,
✓ 2024 ж. Шығыс Қазақстан облысының әділет департаменті басшысының грамотасымен,
✓ 2024 ж. «Қазақстан мәслихаттарына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.