Page 2 - Brown Beige Illustration Vintage World Book Day Instagram Story
P. 2

Жазушы Мақсат Мәліктің «Абыл мен Қабыл» романы –
                           мазмұны жағынан да, пішіні жағынан да жаңашыл
                           шығарма. Автор шығармасына «Абыл мен Қабыл» атты
                           діни аңызды негіз етіп алады, бірақ қайталамай, өз
                           авторлық    шешімін    ұсынады.    «Таңсәрі»,   «Талтүс»,
                           «Алагеуім» және «Түн қараңғысы» атты төрт бөлімде
                           кейіпкерлердің отыз үш жылдық ғұмыры баяндалады.
                           Тақырыбы – сиам егіздерінің ішкі қақтығысқа толы
                           тағдыры.   Идеясы    –  өмірге   көзқарасы   екі    түрлі
                           егіздердің образы арқылы ақ пен қара, жақсылық пен
                           жамандық     қайшылығын       көрсету.  Жазушы,     ақын
                           Ақберен    Елгезек    кітаптың     таныстырылымында:
                           «Жалпы      әлемдік     әдебиетте     көтеріп     жүрген
                           тақырыптардың бірі, соған ұқсайтын тақырып. Бірақ
                           бөлекше алып шыққан өзінің романы. Абыл мен Қабыл,
                           менің ойымша, кейінгі қазақ әдебиетінде үлкен бір
                           жаңалық болады» деп пікір білдірген еді.
   1   2   3   4   5