Page 67 - электрондык_окулык
P. 67
Пысықтауға арналған сұрақтар
1. Графикалық операциондық жүйелердегі программаның жұмысының облысы
қалай аталады?
2. Метафора дегеніміз не?
3. Пайдаланушы мен интерфейстің кері байланыс механизмнің негізгі?
4. Экрандық форма негізінде жасалған диалогтың артықшылығы неде?
5. Диалогтық жүйелер командалық тіл негізінде қай ортада жиі пайдаланылады?
6. Программалық ӛнімнің мақсатын аудиториялық бағалау қай кезеңде іске
асырылады?
7. Құрылған интерфейстің сапасын алдын-ала бағалау қай кезеңде жүзеге
асырылады?
8. Мазмұны программадағы операциялар типіне байланысты болатын мәзір қалай
аталады?
9. Түймешеге жазу үшін қандай сӛз тіркесі ыңғайлы болып табылады?
10. Бірнеше варианттардан біреуін ғана тањдауға мүмкіндік беретін басқару
элементтерінің тобы қалай аталады?
11. Модальді және модальді емес терезелердің айырмашылығы неде?
12. Жағдайлар қатары не үшін қажет?
13. Әрбір кезекті режимде нақты режимді енгізетін және шығаратын пернелер
қандай функциональді топқа жатады?
14. Пайдаланушы интерфейсін жобалаудыњ негізгі принциптерін атаңыз?
15. Пайдаланушы интерфейсін жобалаудың негізгі ережелерін атаңыз?
16. Түймешені басып тұрған кезде режимде орнататын пернелер қандай
функционалдық топқа жатады?
17. Психолог - зерттеушілердің ғылыми зерттеулеріне сәйкес мейірімді және кӛңілді,
жайлы мінезге ықпал ететін түсті атаңыз?
18. Ең жиі қолданылатын командалар мен объектілер қасиеттеріне жылдам жетуді
ұйымдастыратын басқару элементі қамтитын пайдаланушы интерфейсінің арнайы
компонентасын атаңыз.