Page 17 - Оку сауаттылығы 9 сынып
P. 17
үнемдеуді сылтауратып, интернетке жүгінуі жақсылыққа
апармайтынын кеңінен түсіндіру әбден керек.
Сондықтан замандас жазушының: «Кітапты интернеттен
оқығаннан гөрі, оңашада қолға алып оқыған «сіңімді» болады.
Жадыда ұзақ сақталады. Әлем ғалымдары кітапты қағаз күйінде
оқудың адамның миына, рухани ләззат алуына тигізетін ықпалы
зор екенін мойындап отыр»,- деген пікірімен толық келісеміз.
1- тапсырма.Мәтін қай үлгіде жазылған?
А/ шешендік сөз
В/ ертегі
С/ мақала
Д/ жарнама
2- тапсырма. Мәтінге басқаша қандай атау берер едіңіз?
3- тапсырма. Синонимдік қатарларын табыңыз.
Уақыт-
Ықпал-
Қабілет-
4- тапсырма. «Қазір жаһандану заманында қағаз
басылымның маңызы жойыла бастайды, оның орнын
ғаламтор басады» деген болжаммен келісесіз бе? Не себепті?
5- тапсырма. Мәтіндегі 3 нақты ақпаратты анықтаңыз.
1.
2.
3.
19