Page 14 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 14
ішінде 40,5% қазақтар. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті жəне Тау металлургия институты ашылды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның 13-і азаматтық емес, 167-сі азаматтық оқу
орындары. Азаматтық оқу орындарының 55-і мемлекеттік, 112-
сі мемлекеттік емес жоғары оқу орны боп табылады.
Сонымен қатар Қазақстанда кітапхана жүйесі де ретке келтірілген.
Елімізде мектептердегі шағын кітапханаларды қосып есептегенде түрлі деңгейдегі 10 мыңға жуық кітапхана бар. Соның екеуі - ұлттық. Еліміздегі ең үлкен кітапхана Алматыда орналасқан. Оның қорында 6 миллионнан астам кітап бар. Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада 800 мыңға
жуық кітап бар.
Тапсырмалар:
1. Мəтін бойынша жоспар құрып, тірек сөздерді тауып, мазмұнын айтыңыз.
2. Берілген сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңыз.
•
•
• 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті жəне Тау металлургия институты ашылды.
• Қазақстанның бірінші жоғары оқу орны 1928 жылы Алматыда ашылды.
Қазақстан Республикасында 180 жоғары оқу орны жұмыс істейді.
Еліміздегі ең үлкен кітапхана Алматыда орналасқан.
3.
«Инновация» термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация əлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар». Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сəйкес «бағалаушылардың» іс-əрекетіндегі өзгерістер айқындайды.
Өзің оқитын ЖОО туралы талапкерлерге арналған жарнама
құрастырыңыз.
10-сабақ
Ғылым жəне инновациялық технология. Танымал ғалымдар.