Page 16 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 16

- Ол алғаш рет Нью-Йорк қаласында пайда болды - Ол адамдарға өте пайдалы
- Зияны да бар
- Алғашында ол сыммен болды
- Қазіргі уақытта ол барлық адамда бар - Сонымен, Бұл не?
11-сабақ
Еңбек. Еңбек нарығы. Еңбек тəртібі. Еңбек демалысы.
Еңбек — адамға өзінің тұтынушылығын қамтамасыз етуге қажетті бүкіл заттар жиынтығын жасайтын адам əрекеті. Еңбек адамның өзінің қалыптасуында, оның сана, сөйлеу тəрізді қатынасқа қабілетті ететін қасиеттерін қалыптастыратын шешуші күш. Адам еңбек арқылы табиғатқа əсер етеді.
Жұмыс беруші мен жұмысшы арасын еңбек тəртібі реттейді. Еңбек тəртібіне еңбек шарты, еңбек демалысы сияқты бөлімдер кіреді. Жұмыс беруші еңбек тəртіптемесінің ережелерін қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып бекітеді. Еңбек тəртіптемесінің ережелерінде қызметкерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тəртібін қамтамасыз етудің талаптары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мəселелері белгіленеді.
Еңбек тəртібін жұмыс беруші жеке жəне ұжымдық еңбек үшін қажетті ұйымдастырушылық жəне экономикалық жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбекке саналы көзқарасы арқылы, сендіру, адал еңбегі үшін көтермелеу əдістерімен, сондай-ақ тəртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерге тəртіптік жаза қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Тапсырмалар:
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Еңбек дегеніміз не?
2. Жұмыс беруші мен жұмысшы арасын не реттейді?
3. Еңбек тəртібі нені қамтамасыз етеді?
4. Еңбек тəртіптемесінде қандай мəселелер белгіленеді?
5. Адам табиғатқа не арқылы əсер етеді?
2. Мəтіндегі тірек сөздерді табыңыз жəне орыс тіліне аударыңыз.
3. Еңбекке байланысты мақал-мəтелдер айтыңыз.
 
















































































   14   15   16   17   18