Page 18 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 18
Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең əуелі денсаулықты сақтауға жəне нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-əрекет. Саалауатты өмір салтын ұстанудың негізгі бағыттарының бірі – спорт.
Елімізде спортты дамыту үшін үлкен спорт кешендері жұмыс істеуде. Əр қалада спорт кешендері бірнеше спорт түрінен əлемге əйгілі спортшыларды дайындайды.
Қазақстанда бокс, күрес, жеңіл жəне ауыр атлетика сынды спорт түрлерінен Олимпиада чемпиондары, Əлем чемпиондары бар. Ж.Үшкемпіров, Е.Ибрагимов, А.Винокуров, И.Ильин, О.Рыпакова, С.Сапиев, Г.Головкин, Д.Тен, Қ.Ислам сияқты атақты спортшылар Қазақстанды бүкіл əлемге таныттып келеді.
Қазақтың ұлттық спорт түрлері адамның денесін сонымен қатар ойлауын да дамытуға арналған. Ұлттық спорт түрлерінің ең кең таралған түрлерінің бірі – қазақша күрес. Күресте адам дене мүшелерімен қатар ой- өрісін де дамытады. Қарсыласын жеңу үшін түрлі айла-тəсіл ойластырады. Ал ат спортының түрлері бұлшық еттерді қалыпта ұстауға көмектесіп, сал ауруларына ем ретінде қолданылады. Тоғыз құмалақойыны баланың логикалық ойлауын дамытып, есепке тез үйретеді.
Тапсырмалар:
1. Мəтінде берілген ұлттық спорт түрлерінен басқа қандай қазақ ұлттық спорт түрлерін білесің?
2. Олимпиада жүлдегелерінің қатарын толықтыр.
3. Өз қалаңыздағы спорт кешендері туралы қысқаша баяндаңыз.
Жұптық жұмыс.
4. Қазақстанда баяу дамып келе жатқан спорт түрлерін анықтап, топқа бейнебаян арқылы таныстыр.
Өздік жұмыс
• Суретке қарап «Күрес техникасы» туралы əңгіме құрастырыңыз