Page 17 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 17
12-сабақ
Денсаулық. Медициналық қызмет. Халық медицинасы.
Лұқпан хакімнен «Өмірде байлық қымбат па, жоқ даңқ қымбат па?» деп сұраған екен. Сонда ол «Байлық та, даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды. Біле білсеңдер, ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты. Ал бақыт дегеніміз не? Əрбір адам өзінің күш - жігерін халқына, өз еліне, ұрпақ тəрбиесіне жұмсап ақылды, парасатты жəне денсаулығы зор болса ғана бақытты» деген екен. Лұқпан хакім ерекше дарынды, зерек болыпты. Соның қалдырған жеті өсиеті бар.
Біріншісі - ерте тұру.
Екіншісі - орта тазалығын сақтау.
Үшіншісі - дене шынықтыру.
Төртіншісі - үнемі денені таза ұстау, ыңғайлы киіну.
Бесіншісі - үнемі сергек жүру.
Алтыншысы - артық тамақ ішпеу.
Жетіншісі - көп ұйықтап жалқау болмау
Осылардың барлығы денсаулықты сақтаудың негізгі кепілі болып табылады.
Тапсырмалар:
1. Мəтінде қарамен белгіленген сөздердің синонимдерін тауып, синонимдік қатар құрыңдар.
2. Медицина мен халық медицинасының өзіндік ерекшеліктерін кестеге жазыңдар.
Медицина
Халық медицинасы
3. Тақырып бойынша үш проблемалық сұрақ құрастырыңдар. 13-сабақ
Салауатты өмір салты. Спорт кешендері. Ұлттық спорт. Атақты спортшылар.