Page 20 - Microsoft Word - қазақ тілі оқулығы.doc
P. 20
болған десек, артық айтқандық емес. Бұрын қымыз, шұбатын ішіп, құрт- ірімшігін жеп-ақ халқымыз дерттің алдын алған. Ата-бабамыздың алып тұлғалы, батыр да дана болуының бір сыры осы болуы да əбден мүмкін.
Тапсырмалар:
1. Берілген сұрақтарға жауап беріңдер:
1) Қандай тағамдар қазақтың негізгі асы болып табылады? 2) Сүттен қандай тағамдар дайындалады?
3) Қымыздың қандай пайдасы бар?
2. Қарамен белгіленген сөздерді пайдаланып «Фразеологиялық сөздіктен» тұрақты тіркестер тауып жазыңдар.
3. «Заманауи мейрамхана бизнесінің жағдайы» тақырыбында өзара диалог құрастырыңдар.
15-сабақ
Жеке кəсіпкерлік. Шағын жəне орта бизнес. Іскер адамдар.
Жеке кəсіпкерлік — азаматтардың өз атынан мүліктік жауапкершілікке негізделе отырып жүзеге асыратын дербес бастамалық қызметі. Жеке кəсіпкер, əдетте, кəсіпорынды өзінің меншікті капиталымен қаржыландырады, барлық тəуекелді өзінің мойнына алады жəне осы қызметке байланысты өзінің міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен жауап береді. Жеке кəсіпкерлік жалдамалы еңбекті пайдаланып, не пайдаланбай жүзеге асыралады.
Жеке кəсіпкердің мынадай құқықтары бар:
· мемлекеттік кəсіпорындардың жəне басқадай меншік түрлеріне негізделген кəсіпорындардың мүліктерін толық немесе жартылай иемдену;
· шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне өз мүлкімен қатысу;
· келісімшарт негізінде жұмыскерлерді жалдау жəне жұмыстан босату; · еңбекақы нысандарын, жүйесін, мөлшерін өздерінше белгілеу;
· шаруашылық қызметтің бағдарламасын қалыптастыру;
· жабдықтаушылар мен тұтынушыларды таңдау;
· бағалар мен тарифтерді белгілеу;
· таза пайданы пайдалану;
·сыртқы экономикалық қатынастарда болу, т.б.
Тапсырмалар: