Page 166 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА-2017
P. 166

Ғалым пікірі

               зейнолла қабдолов:

              «Реалистік  образ  –    нанымды  образ:  оның  мінез-
              құлқы, іс-әрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан
              өтетін  оқиға...  бәрі  өлшеулі,  бәрі  мөлшерлі.  Өйткені
              суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық
              шеңберінен  шығармайды,  өзін-өзі  меңгеріп,  қажетті
               жерде ылғи іркіп отырады».



                           : 1-тапсырма. Әңгімеде автор бейнесі қай жақтан
                           сөйлейді? Автор баяндаушы ма, әлде әңгімелеу-
                           ші ме? Автор бейнесін қандай белгілеріне қарап
                           анықтадыңдар?

                   :  2-тапсырма.  Әңгіме  мазмұнына  байланысты  кес тені
                 дәптерлерiңе толтырыңдар. Әңгіменің бөлімдеріне өздерің
                 қалаған атауды қойыңдар.



          Композициялық             Мазмұндық                Мәтіннен үзінді
             элементтер               жоспары

         БАСТАЛУЫ

         ДАмуы

         ШИЕЛЕНІСУІ

         ШАРЫҚТАУ
         ШЕГІ
         ШЕШІМІ


                  : 3-тапсырма. Әңгіменің тақырыбы мен жазушы идеясын
                  анықтаңдар. Не себепті жазушы әңгіменің атын «Нағыз
                  әже қайда?» деп атаған?


                                                      әңгіме  неге «нағыз әже
         әңгіменің тақырыбы             Идеясы
                                                        қайда?» деп  аталған?






                                                  145
   161   162   163   164   165   166   167   168   169   170   171