Page 30 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА-2017
P. 30

1. Ертегі мен аңыздың айырмашылығы неде?

                   2. Батырлар жырының қандай түрлері бар? Оларды не
                   үшін мұндай топтарға жіктеген?

            3.  Жанрдың  қандай  түрлері  бар?  Батырлар  жыры  мен  ер­
        тегілер қандай жанрға жатады?




              : – Әдеби тілдің көркемдігін айқындайтын көріктеу құрал­
        дары болады. Көркем шығарманың көркемдігі мен тілінің әсер­
        лілігі осы көріктеу құралдарының қолданылуына байланысты.
                Әдебиетте мұндай көріктеу құралдарын троп дейді. троп
                (гр. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қол­
                данысы) немесе құбылту – атаудың немесе мағынаның
                ауыспалы түрде қолданылу тәсілі. Сөздерді тура мағы­
                насында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты
                бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып та­
                былады.

            Ғалым пiкiрi


              А. байтұрсынұлы:
              «Тіл көрнекі болу үшін дерексіз нәрсе деректі нәрсе-
          дей, жансыз нәрсе жанды нәрседей суреттеліп, адамның
          сана-саңылауына келіп түсерлік дәрежеге жетуі керек.
          Қалыпты түріндегі сөз ондай дәрежеге жету үшін түрлі
          әдістер істеледі. Ол әдістер негізгі түріне қарай үш топқа
          бөлінеді: 1. Көріктеу. 2. Меңзеу. 3. Әсерлеу».



                 Тілде  троп  түрлері  өте  көп,  ол  екі  нәрсенің  не  құбы-
                 лыстың  бір-бірімен  сабақтастығы  мен  арақатынасын
                 ашу негізінде жасалады (метонимия, синекдоха). Сипат-
                 талатын  құбылыстың  белгілерін  екінші  бір  құбылыс
                 ерекшеліктеріне ұқсату, ауыстыру тәсілі негізінде туын­
                 дайды  (метафора,  теңеу).  Сондай-ақ  троп  бір  нәрсені
                 үлкейту не кішірейту, не сықақтау немесе қарсы мағы­
                 нада  сипаттаумен,  әсірелеу  сарынымен  де  шендеседі
                 (гипербола, литота, кейіптеу, ирония).



                                                   27
   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34   35