Page 46 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА-2017
P. 46

Қалаға Қобылан кіргесін,
                               Іркілмей кіріп кеткесін,
                               Ене алмай қалды Қараман,
                               Ордың сыртын айналып...
                               Арыстан туған Қобыланды
                               Көп әскерге келді кез,
                               Қырық мың атты қызылбас
                               Қолына жасыл ту алған...
                               Қара қасқа ат мінген,
                               Алдынан шықты ер Қазан.
                               ...Жайықтың бойы қамыс-ты,
                               Батырлар қылды намысты.
                               Ырғай сапты сүңгімен
                               Ырғай, ырғай салысты,
                               Итерісіп тұрысты,
                               Ат тізесін бүгісті,
                               Бүге-бүге тұрысты.
                               Тебінгіге тер қатып,
                               Қақырғаны қан татып,
                               Түкіргені жын татып,
                               Қанжарменен қармасты,
                               Семсерменен серместі.
                               Қанжар қалды қайысып,
                               Семсер қалды майысып.
                               Екеуінің ақ сауыт
                               Шығыршықтан сөгілді.
                               Сол уақыттар болғанда,
                               Артық туған Қобыланды
                               Найзасын ырғап ендірді.
                               Қазан аттан құлады,
                               Көріп елі шулады.



                екі батырдың Көбікті хан еліне жасаған шабуылы


                               Бос қайтам ба жаудан деп,
                               Іздеп келіп бұр жерге,
                               Қараман батыр кезеніп,
                               Қобыландыға келеді:
                               «Ай, Қобыланды, құрдасжан,
                               Қайратыңды мен көрдім,

                                                   43
   41   42   43   44   45   46   47   48   49   50   51