Page 74 - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ. 5-СЫНЫП. АТАМҰРА-2017
P. 74
түсті, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан жаңа сатыға көтерді.
Ақынның терең мағыналы өлеңдері ұлы Абайға да әсер етті. М. Әуе-
зовтің «Абай жолы» еңбегіндегі Барлас ақынның прототипі – осы
Дулат Бабатайұлы. Дулат ХІХ ғасырдың орта шенінде Сарыарқа
дағы ең атақты ақындардың бірі болды. Өмірінің соңғы күндеріне
дейін үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен ақын 1874 жылы өз
елінде қайтыс болады.
Дулаттың толғау өлеңдеріндегі поэтикалық шеберлік мәселесін
қарасты руда біз оның ішкі, сыртқы түрлерінің, мазмұндық, құры
лымдық, жанрлық сипаттары бірлігін ұстандық. Дулат толғау-
лары мазмұнына, жалпы табиғатына, болмысына қарай бірнеше
топқа бөлінеді. Соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының класси
фикациясы бойынша белгіленген сегіз түрі де кездеседі. Олар:
1. Сап толғау. 2. Күліс толғау. 3. Марқайыс толғау. 4. Сезім толғау.
5. Налыс толғау. 6. Сұқтаныс толғау. 7. Намыс толғау. 8. Ойла
малдау.
толғау дегеніміз өмір туралы, қоғам, адам тіршілігі,
жақсылық, жамандық, т.б. тақырыптарда ақыл-өсиет,
насихаттық тұрғыда ой қозғайтын әдеби жанр. Толғаудың
негізі – дидактикалық сарын. Толғау ауызша дамып, біздің
заманымызға ауызша жетті.
Дулат сөздерінде қазақтың шешендік өнеріне тән қысқалық,
нұсқалық, көркемдік, шыншылдық, турашылдық, алмастай өт
кірлік, сенімділік, т.б. ерекшеліктер мен мақал-мәтелге тән түйіп
айту, образдылық, салыстыру, салғастыру, саралау, нақтылық,
ой жұмырлығы секілді қасиеттер көрінеді.
о, Ақтан жас, Ақтан жас...
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сен де жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғынсаң тояр ма екенсің?
67