Page 14 - Бұл кісі - суретші
P. 14
Жұппен жұмыс
Оқылым.
Мәтінді рөлге бөліп, дауыстап оқыңдар.
– Анашым, мына суреттерге қараңызшы. Өте әдемі –
деді Әли.
Анасы:
– Иә, балам. Бұл – Әбілхан Қастеевтің туындылары.
Ол кісі – атақты суретші, – деп жауап берді.
– Маған «Түрксіб» ерекше ұнады. Менің де сурет
салғым келеді.
– Әбілхан Қастеев секілді сурет салғың келсе, көп
оқып, сурет салып үйрену керек. Қастеев – ұлы тұлға.
– Әрине, анашым. Мен сабақты жақсы оқимын. Сурет
салуды үйренемін.
– Айналайын, ақылдым менің! Онда ертең бейнелеу
өнері үйірмесіне жазыламыз. Жарай ма?
Әли қуанып:
– Алақай! Мен де суретші боламын! – деді.

