Page 12 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 12

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары

                  Қоршаудағы  Ленинград,  қоршаудағы  бала-
            лар...  Бұл  сөздерді  әрқайсымыз  естідік.    Бұл  оқиғалар
            әлемдік тарихқа 1941 жылдың 8 қыркүйегінен бастап 1944
            жылдың  27  қаңтары  аралығында  қаланың  ең  ұзақ  және
            қорқынышты  қоршауда  қалуы  ретінде  енді.  Қала  жауға
            төтеп берді, бірақ бұл жеңіс үшін төленген баға өте жоғары
            болды.
                  Қала  қоршауда  қалған  кезде,  ересектерден  басқа,
            қалада  әртүрлі  жастағы  400  мың  бала  қалды.  Ересектер
            балаларды  аштықтан,  суықтан,  аурудан  қорғай  алмады,
            бірақ олар үшін барлық мүмкін және мүмкін емес жағдай
            жасалды.
                  Қоршаудағы Ленинградтағы өмір  өте ауыр,  әрі  адам
            төзгісіз болды: зеңбірек атысы, суық, бірақ ең қорқыныш-
            тысы  -  аштық  еді.    Азық  -  түлік  карточкалары  енгізілді.
            Нан  мөлшері  үнемі  төмендеді,  қараша  айында  ол  өз
            минимумына жетті.
                  Қоршаудағы  Ленинградтағы  нормалар  келесідей
            болды:  жұмыс  істегендерге  -  250  грамм  нан,  әскери  қыз-
            меткерлер,  өрт  сөндірушілер  және  қырғыншы  жасақ
            мүшелері  300  граммнан  алды,  ал  балалар  және  біреудің
            қамқорлығында  болғандар  125  граммнан  алды.    Адамдар
            мүмкіндігінше  аман  қалуға  тырысты.  Бар  нарсені
            пайдаланды:  дәрі  қобдишаларында  түк  қалмады  (кас-
            торканы  ішті,  вазелинді  жеді),  клейстердің  қалдықтарын
            алып,  қандай  да  болса  сорпа  пісіру  үшін  тұсқағаздарды
            сыдырды,  кесектерге  кесіп,  былғары  аяқ  киімді  пісірді,
            ағаш желімінен сілікпе дайындады.
                  1942 жылдың көктемінде кәсіпорындардың босаған,
            иесізденген цехтарына мыңдаған балалар мен жасөспірім-






                                          14
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17