Page 13 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 13

Үлкен соғыстың кішкентай батырлары

            дер келді. 12 - 15 жаста олар станокшы және жи-
            наушы  болып  істеді,  автоматтар  мен  пулеметтер,
            артиллериялық  және  реактивті  снарядтар  шығарды.
            Станоктар  мен  құрастыру  беттерінде  жұмыс  істей  алу
            үшін, оларға арналған ағаш тіреуіштер дайындалды.
                  Қаланы  елдің  тыл  аудандарымен  байланыстыратын
            жалғыз  көлік  магистралі  Ладога  көлі  арқылы  салынған
            «Өмір жолы» болды. Эвакуация басталды…
                   1941  жылдың  8  шілдесінде  Ленинград  облысы  мен
            Ленинград  қаласының  халқын  эвакуациялау  және  қабыл-
            дау тәртібі туралы телеграф хабарламалары Қазақстан үкі-
            метінің атына да түсе бастады.
                  Ресми  деректер  бойынша,  1941  жылдың  қараша
            айынан  1942  жылдың  сәуір  айына  дейін  мұз  жолының
            әрекет  еткен  уақытында  қоршалған  қаладан  550  мыңнан
            астам    адам,    негізінен   балалар,    әйелдер,    қарттар
            эвакуацияланды.    Көптеген  адамдар  ата-анасынан  және
            жақындарынан айырылды, ал өздері жылулық, қамқорлық,
            жаңа  үй  және  жаңа  тағдыр  күткен  Қазақстанға
            эвакуацияланды.
















                                          15
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18