Page 18 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 18
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
үгінділерді қоса алғанда, қоспалардан тұрды.
Қалада иттер мен мысықтар желінгендігі баршаға мәлім,
құстар да жоқ болып кетті.
Қоршаудың басында ата-анасы жұмыс істеуді
жалғастырды, бірақ қаңтарда Вера Александровнаның
анасы жүре алмай қалды. Тек әкесі қорғаныс маңызы бар
зауытқа аттанып, электр шамдарының орнына майдан үшін
өнім шығарған. Ленинград үшін сынақ, тек қана аштық пен
суық қана емес, 1941-42 жылдардың қысы әсіресе аязды
болды, сонымен қатар тұрақты атыстардан ғимараттар
қирап, адамдар баспанасыз қалды, өлім құшты.
Күнделікті нанның нормасы 125 грамға жеткен күн
келді, бұл сіріңке қорабынан сәл үлкенірек еді. Бірақ ол
үшін де ұзақ уақыт кезекте тұруға тура келді. Көптеген
адамдар төзе алмай, құлап, өліп жатты. Алғашқы айларда
қайтыс болғандарды жинап, жерледі, бірақ қыста көптеген
адамдар далада қалып жатты. 1942 жылдың наурыз
айының соңында зауыттық стационарда Вера Александ-
ровнаның әкесі әлсіреп қайтыс болды. Ал сәуір айында
анасын, әпкесін, Вера Александровна мен қоршау уақы-
тында жетім қалған оның немере ағасын Аркадийді
Қазақстанға эвакуациялады.
Ладога көлі арқылы, кең танымал «Өмір жолымен»,
ашық жүк көліктерімен шығарылды. Фашистер жүріп келе
жатқан көліктер колоннасына оқ жаудырды. Адамдар
отырған көліктер мұз астына кетті. Содан кейін олар тағы бір
ай жүк пойызымен Қазақстанға жетіп, Қостанай облысына
Семиозерный ауылына келді. Волкова Вера Александ-
ровнаның естеліктерінен: «Бізді әкелгеннен кейін, жерке-
пелерге орыс тілінде сөйлемейтін, ұлттық көйлек пен бас
киім киген қарт қазақ әйелдері келе бастады. Олар кіре беріс-
20