Page 26 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 26
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Невиденкова
Юзефа Брониславовна
Юзефа Брониславовна 1937 жы-
лы 8 қазанда Ленинград қаласының
Василеостров ауданында дүниеге
келген. Әкесі - әскери журналист
және анасы - әскери инженер -
соғыстың басында қаза тапты. Ұлы
Отан соғысы басталғанда ол төрт
жаста еді.
Соғыс алдында дүниеге келген
көптеген балалар сияқты, шамасы,
жетім қалу оның да пешенесіне жазылған болар. Төрт
жасар қызға жалғыз туған және жақын адамы - әжесімен
бірге Ленинград қоршауын бастан кешуге тура келді:
аштық, суық және фашистер қоршаған қаладағы атыс
қорқынышы.
1943 жылы Кеңес әскерлері қоршаудың сақинасын
бұзып, Ладога көлінен «өмір жолын» ашқан кезде, Юзе-
фаны басқа балалармен бірге тылға әкеткен. Ол кезде оның
әжесі аштық өлімнен сүйікті немересін құтқара отырып,
оны кейін он жылдан астам уақыт іздеймін деп ойлаған
жоқ шығар.
Қоршауды бастан кешкен балаларды тылда әр түрлі
балалар үйлеріне тарқатты. Юзефа басқа да ондаған жас
ленинградтықтармен бірге Алтай өлкесінің Пещорки
ауылына келді. Бұл жерде жарылыс болған жоқ, оқ
атылмады, күн сайын өлім адамдарды қоршаудағы
Ленинградтағы сияқты жалмамады, бірақ өмір сонда да
28