Page 27 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 27
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
оңай болған жоқ. Соғыс - тылдағы, майдандағы
адамдар үшін бірдей қиын болды. Бірі ұрыста ерлікпен
ажал құшса, бірі тылда колхоз егістігінде, шахтада күні
бойы ұйқысыз, тыңбай еңбек етті.
Алыс алтай ауылында барлығы «Бәрі де майдан үшін!
Бәрі де жеңіс үшін!» деген сол кездегі ұранды ұстанып,
өмір сүрді. Егістікте кішіден бастап, үлкенге дейін
тыңымсыз еңбек етті. Юзефа Брониславовнаның естелік-
терінен: «Әсіресе зығырды жұлу қиын болды - қол қан
жоса болатын, бірақ норманы орындайтын едік. Балалар
үйіндегілерге сәл жеңіл болды, күніне 100 грамм нанға -
кепілдік болатын. Бірақ болса да, орман мен бақшада өсіп
тұрған жасыл шөпті жейтін едік. Ауылдағы құрдастары-
мызға қызығатын едік: олардың отбасылары бар еді,
әкелері майданнан қайтып келіп жатты».
1948 жылы 14 жасқа толғандарды Ленинградқа қай-
тарды, ал Юзефа Брониславовна тағы алты жыл артынан
іздеп келер деп күтті. Бірақ туған қалаға оралу мүмкін
болмады. Әжесі қызымен бірге Ленинградтан эвакуа-
цияланған, Украинада тұрып жатты. 17 жасар Юзефа
зауытқа жұмысқа тұрды. Осы кезде БЛКЖО жастарды тың
игеру, шахталар салу үшін жинай бастады. 1957 жылы
комсомол жолдамасы бойынша Юзефа Новодолинский
кентіне келіп, ШҚБ - на орналасты. Дәнекерлеуші - арма-
турщик болып жұмыс істеді. Шахталар, көпірлер,
Котурский су құбырын салуға, жалпы қала құрылысын
көтеруге қатысты. Ары қарай да оның өмірі оңай болмады,
жалғыз өзі екі баланы тәрбиелеп, немересін аяққа көтерді.
2018 жылы қазан айында Юзефа Брониславовна өмірден
өтті.
Өмірдің ауыртпалығын көрген адамдар, оның әрбір
29