Page 54 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 54
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Корнюшкина
Екатерина Васильевна
Екатерина Васильевна 1936 жы-
лы 15 қыркүйекте Воронеж облы-
сында, Лискинский ауданында, Новая
Грань қыстағында дүниеге келген.
Ата-анасы колхозда жұмыс істеді.
Әкесі - Гоголев Василий Егорович Сталинград майданында
соғысып, Сталинградты қорғап жатты. Ол жараланып,
екінші топтағы мүгедек болды, госпиталден кейін
Сталинградта астық өсіруші болып жұмыс істеді. Анасы -
Гоголева Ирина Николаевна үш баласымен немістер
уақытша басып алған аумақта болды.
Екатерина Васильевна былайша еске алады:
«Немістердің қалай келгені есімде. Бұл 1942 жылы
маусымда болды, мен 6 жаста едім. Бізді далаға шығарған
жоқ, жертасада жасырды. Ал біз баламыз ғой, көргіміз
келеді, біз қарауға шығып кететінбіз. Бізді көрші ата қуып
кіргізеді, ал біз қайтадан шығамыз. Немістер мотоцикл-
дермен және велосипедтермен келе жатты, фильмдер-
дегідей олардың жеңдері бүгілген, қолдарында қарғы
баумен иттері бар, және көлденен автоматтары бар. Мұны
мен жақсы есте сақтадым».
Неміс армиясының алдыңғы қатарлы күштері ауылға
кеткен кезде СС әскерлері кірді.
Ауылдың барлық тұрғындарын клубта жинап, екі
сағат ішінде жиналып шығу қажеттігін хабарлады.
56