Page 55 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 55
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Барлығын басқа жерге көшіретін болды.
«Колоннаны қалай айдағаны есімде, көрші ауыл арқылы
келеміз, жол сол жерден өтетін, ал ол ауылда анамның апа-
сіңлілері өмір сүрді, олар бізге нан, май берді. Немістер
азық-түлік алуға рұқсат берді. Біз өте ұзақ уақыт жүріп,
Острогожск қаласына қалай келгеніміз есімде. Сол жерде
біз тоқтадық», - деп еске алады Екатерина Васильевна.
Воронеж облысында, Острогожск қаласының жанында екі
концлагерь құрылды: біреуі – әскери тұтқындар үшін,
екіншісі - жергілікті халық үшін. Барлығын барақтарға
қоныстандырды, балалар мен қарттарды жұмысқа
айдамады, ал жастарды ағаш дайындауға жіберетін. Нашар
тамақтандырды, адамдар ашығып, лагерьде тоңатын.
1943 жылдың қаңтар айында лагерьде немістер
жергілікті тұрғындарды жою бойынша жазалау опера-
циясын жүргізетіні туралы сыбыс болды. Мұндай операция
Екатерина Васильевна отбасымен бірге болған лагерьде де
өтуі керек еді. Балаларды жасырып, оларды атудан құтқару
туралы шешім қабылданды, окопқа барлық балаларды
отырғызып, шырша бұтақтарымен жауып тастады.
Концлагерьдегі әскери тұтқындар мен жергілікті халықты
шабуылға өткен Кеңес Армиясының алдыңғы қатарлы
отрядтары босатты. «Окоптан шыққан кезде, мен қарап
едім, олар сондай ұзын бойлы үстері аппақ және шаңғы
үстінде тұр», мен «Періштелер, періштелер» деп айқайла-
ғаным, есімде», - дейді Екатерина Васильевна.
Концлагерде тұрақтауы 1942 жылдың маусымынан
1943 жылдың қаңтарына дейін созылды. Лагерьден
босатылғаннан кейін отбасы өз ауылына оралды, үйлері
жартылай қираған болды. Әкесі 1943 жылдың сәуір айында
оралып, шаруашылықты қалпына келтіре бастады.
57