Page 60 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 60
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Мазурова
Надежда Михайловна
Мазурова Надежда Михай-
ловна 1932 жылы 10 қыркүйекте
Житомир облысы Коростен ауда-
нының Холосно ауылында дүниеге
келген. Отбасында бес бала болды,
ата-анасы колхозда жұмыс істеді.
1939 жылы әкесі, әпкесі Катя
және ағасы Ваня қайтыс болады.
Анасы мен әжесі қолдарында үш баламен қалады.
Надежда Михайловнаның отбасының бейбіт өмірі
гитлерлік Германияның Кеңес Одағына шабуылының
бірінші сағатында-ақ аяқталды. 1941 жылдың 24
маусымында фашистер Житомир қ. бомбалай бастады.
Коростень қаласы 1941 жылдың 7 тамызында басып
алынды. Украина аумағын гитлершіл Германия басып
алғаннан кейін миллиондаған оның азаматтары оккупация
аймағында қалды. Жалпы айтқанда оларға жаңа мемле-
кетте өмір сүруге тура келді. Басып алынған аумақтар
шикізат базасы ретінде, ал халық арзан жұмыс күші
ретінде қабылданды. Украинадан келген жұмысшыларды
ауқымды пайдалану 1942 жылы басталды және 1945 жылға
дейін жалғасты. Жалпы, КСРО-ның оккупацияланған
аумақтарынан мәжбүрлі жұмыстарға шамамен 5 млн. адам
шығарылды, оның ішінде Украина аумағынан 2,4 млн.
адам.
Бүкіл Украина үлкен еңбек лагеріне айналды. Лагер-
62