Page 61 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 61
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
лер азаматтық халық пен әскери тұтқындар үшін
2 санатқа бөлінді. Азаматтық халыққа арналған лагерь-
лерге концентрациялық, жер аудару және еңбек лагерлері,
гетто, гестапов түрмелері кірді. Бұл жер аудару лагерлеріне
бейбіт азаматтарды одан әрі Германияға мәжбүрлеп
жұмысқа шығару мақсатында орналастырған. Осындай
лагерьге 1943 жылдың қыркүйегінде Коростень қаласында
Надежда Михайловнаның жанұясы келді. Оларды және
тағы да ондаған отбасын малға арналған тауар вагондарына
тиеді және Германияға мәжбүрлі жұмысқа алып кетті. Жол
бойында оның анасы қайтыс болды, балалар әжесімен
қалды. Барлығын Арнштат қ. алып келді. Үлкен әпкесі
Ольга фабрикаға жұмыс істеуге барды, Надежда Михай-
ловна өзінің 10 жасында терезелерді, едендерді жуып,
шаруашылық бойынша неміс отбасыларына көмек
көрсетуге барып жүрді. Надежда Михайловна және оның
отбасы 1945 жылға дейін мәжбүрлі жұмыстарда болды.
Босатылғаннан кейін әрбір отбасы қайда өмір сүргісі
келетіндігі туралы сұхбаттасты. Әжесінің туыстары
Архангельск облысында өмір сүргендіктен, олар сонда
кетті.
Надежда Михайловна 15 жасқа толған кезде, ол тар
жолақты темір жолға жұмысқа орналасты. Оның оқуға
мүмкіндігі болмады, отбасына көмектесу керек болды.
Архангельск облысында Надежда Михайловна болашақ
күйеуімен танысып, 1958 жылы күйеуге шықты және
күйеуімен бірге Қазақстанға тың игеруге келді. Осакаров
ауданының Осакаровка ауылында ол ұзақ жылдар бойы
құрылыста сылақ-сырлаушы болып жұмыс істеді.
15 жылдан астам уақыт балабақшада жұмыс істеді.
63