Page 78 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 78
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Синило
Полина Прокофьевна
Синило Полина Прокофьевна
1933 жылы 17 мамырда Белорус-
сияда дүниеге келген. Соғыс бастал-
ғаннан кейін оның отбасының өмірі,
басқа да миллиондаған отбасылар-
дікіндей, соғысқа дейінгі және
кейінгі өмір болып бөлінді. Әкесі
соғыстың алғашқы күндері майданға
шақырылып, хабар-ошарсыз кетті, бар күшімен төрт қызын
тамақтандыруға мәжбүр болған анасы өкпенің қабынуынан
қайтыс болды. Соғыс ауыртпалығы оны балалық шағынан
айырды: ата-ана махаббатының орнына жетімдік, туған
үйінің орнына - еріксіз құл еңбегі, бала ойыншықтарының
орнына - жұмыс құралдары...
1941 жылдың күзінің басында республиканың
барлық аумағы неміс-фашистік басқыншылармен басып
алынды, және оның тұрғындары үшін жер бетіндегі нағыз
тозақ басталды.
Оккупанттар шоғырландыру лагерлері мен гетто
тұтас желісін құрды, жазалау операциялары барысында
тұрғындармен бірге тұтас ауылдарды құртып, жастар мен
балаларды Еуропаға мәжбүрлеп жұмысқа айдап әкеткен.
Жергілікті халықпен неміс әкімшілігі қатыгез
болды. Концлагерьдегі балаларды жараланған сарбаздар
үшін қан донорлары ретінде пайдаланды, жастарды
майдандағы учаскелерді тазалауға және партизандарға
қарсы жауынгерлік операцияларда тірі қалқан болуға мәж-
80