Page 79 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 79
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
бүр етті. Осылайша гитлершілер күндердің
бірінде анасы қайтыс болғаннан кейін кіші сіңлілеріне бас-
көз болып отырған Марусяны үйден алып кеткен. Полина
Прокофьевна жылап отырып, оның ары қарайғы тағдыры
туралы білмейтіндігін айтты.
Фашистік басқыншылар басып алу уақытында
Белоруссияда бірнеше ірі жазалау операцияларын жүргізді.
1943 жылдың шілде-тамыз айларында Берлиндегі
қолбасшылықтың ресми есептерінде айтылғандай,
«Герман» экспедициясының барысында 4280 адам қаза
тауып, 20944 тұтқынға алынды, оның ішінде 4180 бала.
Бұл деректер Полина Прокофьевнаның естелік-
терімен сәйкес келеді, дәл осы уақытта оны Германияға
алып кетті. Айналадағы болған қорқынышты сөзбен
жеткізу мүмкін емес. Балалар жылап, балаларын алып
қойған әйелдер талып жатты. Үлкені болып қалған он бес
жасар Евдокия солдаттарды әпкелерінің жанында қалуға
және «Үшінші рейхтің ерікті қызметкерлері» деп аталатын
басқа жас тобына түспеуін жалына сұрап алды. Міне, үш
әпкелі-сіңілілер - Дуся, Поля және кішісі Шура жат жерге
аттанды.
Аштық, суық, қорқыныш - бұрынғы тұтқын еңбек
балалар лагерінде болған уақытын осылайша сипаттайды.
Шеберханада жұмыс істеу алдында құр жарма, демалыс
күні құрғақ азық - өсіп келе жатқан ағза үнемі тамақ талап
етсе де, олар Шура екеуі Евдокияға нан бөлігін жеткізуге
тырысты. Оны Норд-1 лагеріне келген соң, көршілес ересек
бөлімшеге жіберіп, одан да нашар тамақтандырды.
«Партизан, коммунист, қарсылас күресшілер отбасылары
мен донорлық лагеріне түспегенімізге шүкір, - дейді
81