Page 90 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 90
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Әубәкіров
Қиса
Әубәкіров Қиса 1934 жылы 9
ақпанда Бұқар жырау ауданы Қызыл-
жар ауылында (бұрынғы Тельман
ауданы) шаруа отбасында дүниеге
келген. Әкесі Әубәкір мен анасы
Жібек ауылында жұмыс істеді. 1922
жылы туған ағасы Қойшан 1941
жылы майданға шақырылып, Мәскеу
түбіндегі шайқаста қаза тапты. Оның
қаза табқаны туралы отбасы тек 1943 жылы ғана хабар
алды. Шолпан әпкесі 1937 жылы үш жасында қайтыс
болды.
1940 жылы ол қазақ мектебінің бірінші сыныбына
барды. 1941 жылы соғыс басталып, қазақ мектебі жабылды,
Қиса тағы да орыс тілінде оқытатын мектептің бірінші
сыныбына барды. Оқу-тәрбие процесін қайта құру мәселесі
көтерілді. Ресей Федерациясынан, Белоруссиядан,
Украинадан тұрғындарды жаппай көшіруге байланысты
мектептер біріктірілді, орыс, поляк, украин тілінде
оқытатын мектептер ашылды. Мектепте сабақ 1 қазаннан
басталды. Мұғалімдер жетіспегендіктен, бір сыныпта 1
және 2 сынып оқушылары, келесі сыныпта 4 және 5 сынып
оқушылары оқып, оқушылар бірден екі сабақты бірге
тыңдады.
1942 жылдың басында неміс халқы Бұқар жырау
ауданының Узенка кентінен Қызылжарға қоныс аударды.
Диверсия болмас үшін, барлығын қоныстандырды. Осы
92