Page 91 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 91
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
оқиғаларға байланысты, 1943 жылы Қиса отба-
сымен Жаңаталап ауылына көшті.
Соғыс әйелдердің, қарттардың және балалардың
мойнына ауыр жүк салды. Оларға майданға кеткен әкелері
мен ағаларының орнын басуға тура келді: егістікте жұмыс
істеу, нан өсіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру.
Техника жетіспеді, жанар-жағар май жетіспеді, барлық
жұмысты малдардың: сиыр, жылқы және түйелердің
көмегімен және қолмен орындауға тура келді. Балалар мен
қыздар тыңбай еңбек етті, мың гектар шабылған нан,
мыңдаған байланған бау, мыңдаған тартылған астық. Ең
кіші тыл еңбеккерлері 10 жаста болды. «Мектептегі сабақ
мамыр айында аяқталып, қазан айында басталатын. Осы
уақыт ішінде балалар колхозда жұмыс істеді, егін екті,
тоққа астық бастырды, астықты орталық қоймаға
тасымалдауға қатысты, жұмыс қолы қажет болған жерде
жұмыс істеді»,- деп Қиса есіне алады. Соғыс жылдары
мектеп оқушылары, адал оқып, жұмыс істеді.
1952 жылы Қиса 10 сыныпты бітіріп, «Қазақстанның
30 жылдығы» колхозында есепші болып жұмыс істеді. 1954
жылдан 1961 жылға дейін Бұқар жырау ауданы Ақтөбе
селолық кеңесінің хатшысы болып жұмыс істеді.
1962 жылы Қиса Чапаев кенттік Кеңесінің төрағасы болып
сайланды және осы қызметте ол 1965 жылға дейін жұмыс
істеді. Осы уақытқа аралығында ол КСРО Коммунистік
партиясының қатарына кірді. 1970 жылдан 1974 жылға
дейін Қарағанды облысы Бұқаржырау ауданы Ақтөбе
ауылында пошта меңгерушісі болып жұмыс істеді.
Амангелді атындағы кеңшарды құрғаннан кейін ол
шаруашылық бойынша кеңшар директорының орынбасары
болып жұмыс істеді. 1975 жылы Ақтөбе селолық кеңесінің
93