Page 96 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 96
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
Каппасов
Болтан (Бексұлтан)
Каппасов Болтан (Бексұлтан)
1931 жылы 20 қыркүйекте Ақмола
облысы, Краснознамен ауданы,
«Қазқоскөл» ауылында дүниеге
келген. Ата-анасы колхозда жұмыс
істеді, ауыл шаруашылық жұмыста-
рымен айналысты. Болтанның анасы
ол туған кезде қайтыс болды. Болтан
жеті жасқа келгенде, оның әкесі мен ағасы Сәдуақас
қуғындалды. Болтанды оның тәтесі (әкесінің әпкесі)
қамқорлыққа алды. Сәдуақас ағасы он жеті жылдан кейін
үйіне оралды. Ал Болтанның әкесі Ұлы Отан соғысында
айып батальонына түсіп, Сталинград майданында соғысты.
Ол үйге қайтып келмеді - Сталинград түбінде хабар-
ошарсыз жоғалып кетті.
Фашистік басқыншылар елге шабуыл жасаған кезде
Болтан 10 жаста болды. Бірақ, бала жасына қарамастан, ол
колхозда ересектермен тең еңбек етті. Қыс айларында
Арқаның қытымыр аязы мен апталап соғатын бора-
нында азығы түгесіліп, тілін тістеп қалған отарларға 10-
15 шақырым жерден шанамен шөп тасыды.
Адамдар соғыс уақытында қиындықтарға қара-
мастан, тылда өз жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен
қарады. Ежелден малға сенген халық техниканың
тапшылығынан өгіздерді жегіп жер де жыртты, шалғы,
орақ алып шөп те шапты. Бұл аздай үкімет колхоз халқына
азық - түлік салығын жүктеп, жылына 12 келі май, 50 келі
98