Page 97 - Маленькие герои большой войны А5 14.03.2020
P. 97
Үлкен соғыстың кішкентай батырлары
ет, тауық бар ма, жоқ па қарамай 70 жұмыртқа
тапсыруға міндеттейтін. Иә, ол уақыт адамдарының қажыр-
қайратына таң қалмасқа шара жоқ. - Еңбек етіп жүрген
халықтың көңілінің пәсеюі ол кезде байқалмайтын,
барлығы да жарқылдап жүріп жұмыс жасайтын. Олар-
дың еңбегі фашистерді жеңуге кішкентай болсын кө-
мек болады деп сенді. Төрт жылға созылған сұрапыл
аяқталып, жеңіс жалауы желбірегенде халықтың қуаны-
шында шек қалмады. Екі-үш ауыз сөзбен айтқанда,
жұртшылық бөріктерін аспанға атып, төбелері көкке
жеткендей болды. Міне, осы күні колхоз басқармасы Ал-
шымбай кейіпкерімізге 3 метр сиса мата сыйлап, омы-
рауына алғашқы медалін тақты.
Ел басына ауыр күн туғандықтан 2-3 сыныптық
біліммен ғана шектелген Бөкең, бейбіт күнде білімін
жалғастыру мақсатымен 1949 жылы Қарағандыдағы фаб-
рика - зауыт мектебіне қабылданды. Алты айдан кейін
«Қарағандыкөмір» комбинатының «Сталинкөмір» трестінің
№44/45 шахтасында шахта бастығы Т. Күзембаевтың
басшылығымен жұмыс істей бастады.
1958 жылы Болтан отбасымен бірге Шахтинск
қаласына тұрақты тұруға көшті. Көшкеннен кейін ол
Каротаждық экспедицияға жұмысқа орналасады, содан
кейін оны Солтүстік - Батыс геологиялық-барлау партия-
сына жұмысқа ауыстырады. 1969-1996 жылдары «Долин-
ская» шахтасында жұмыс істеді.
Ол қажырлы еңбегі үшін марапаттарға ие болды. 1974
жылы Каппасов Болтан «Еңбек ерлігі үшін» медалімен,
1981 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Еңбек ардагері»
медалімен марапатталды, 1984 жылы оған «Құрметті шах-
тер» атағы берілді.
99