Page 58 - 8 Наурыз
P. 58

ЛИТВИНЕНКО ОКСАНА АНАТОЛЬЕВНА
                                      Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі – мемлекеттік құпияларды

                                                                               қорғау тобының басшысы
                                                                  Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі - 25 жыл



                 Литвиненко Оксана Анатольевна 16 қазан 1979 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге
          келген. Білімі жоғарғы – құқықтану, 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін

          бітірген.
                 Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет атқарады. Қызмет барысында Өскемен қаласы

          прокуратурасында жетекші маман қызметінде, Өскемен қаласы прокуратурасының және Шығыс Қазақстан облысы
          прокуратурасының кеңсе меңгерушісі лауазымында қызмет атқарды.
          2008 жылы Ұлан ауданының прокуратурасының прокуроры, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат

          қорғау прокуратурасының аға прокуроры қызметінде,  Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының әлеуметтік-
          экономикалық саланың заңдылығына қадағалау жасау Басқармасының прокуроры лауазымында,  мемлекеттік

          құпияларды қорғау, құпиялық режимді қамтамасыз ету заңдылығын қадағалау  тобының  көмекшісі лауазымын
          атқарған.
          2017 жылдың желтоқсан айынан бастап осы кезеңге дейін мемлекеттік құпияларды қорғау тобының басшысы – облыс

          прокурорының аға көмекшісі лауазымын атқарады.



          Марапаттары мен наградалары:
          ✓ Мінсіз қызметі үшін ҚР Бас прокурорының I дәрежелі «Прокуратура үздігі» төсбелгісімен,
          ✓ III, II дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» ведомстволық медальдарымен,

          ✓ «ҚР Прокуратурасына 30 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
   53   54   55   56   57   58   59   60   61   62   63